Ә. Смайылов Ереванға жұмыс сапарымен барды

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ереванға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысады. Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армян елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одағының мұнай өнімдерінің және ортақ газ нарығын қалыптастыру, бірлескен өндіріс жобаларын қаржыландыру, электрондық сауда мәселелерін талқылайды. Бүгінгі кеңейтілген құрамдағы кездесуде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.