Мейрам Қажыкенді қолдау штабы құрылды

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің республикалық сайлауалды штабы ашылды. Алғашқы жиында кандидат қонақтарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісінше үгіт-насихат жұмыстарын талқылап, жоспарларды нақтылады. Байқаушылар мәселесіне байланысты да ұсыныстар тыңдалды. Қазіргі таңда республика бойынша 148-ге жуық сенімді өкіл мен штаб мүшесі тіркелген. Олардың қатарында өндіріс, кәсіподақ өкілдері, кандидаттың ғылыми серіктестері де бар. Алғашқы үгіт-насихат жұмысын кандтидат өзінің туған жері Павлодар облысынан бастамақ. Мейрам Зекешұлы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан ел президенттігіне кандидат ретінде тіркелген.

Абул Кекілбаев, республикалық штаб басшысы:

14 аймақта штаб ашылды. Оның ішінде Алматы, Шымкент, Павлодар. Басқа да қалалар өз жұмысы туралы баяндап берді. Штаб ішінде тұрақты 20 шақты адам жұмысқа алынды.