Республика күні – халықтың рухын көтеретін ұлық мереке

Республика күні – халықтың рухын көтеретін ұлық мереке

Биылдан бастап Республика күні ұлттық мереке.

Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақордада мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде осылай деді. Президент «Республика» сөзінің мән-мағынасына да үңіліп, республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылатынын айтты.