Қ.Әбденнің штаб жұмысы қыза түсті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің штаб жұмысы бүгін мереке алдындағы көңіл-күймен басталды.

Сайлау дүбірі сезіліп, саясат сеңі қозғалғанда өңір-өңірдегі сайлаушылар тарапынан сауалдар мен ұсынынстар түсіп жатыр. Штаб өкілдері олардың әрқайсын мұқият зерделеп, тиісті жауаптарын беруде. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріледі. Сонымен қатар өткен екі күндегі жұмыстар пысықталып, кездесулер аясында көтерілген проблемалар сараланды. Кандидаттың сайлауалды штабының жұмысы өңірлерде де қызу жалғасуда.

Еламан Төлепберген, Қ.Әбден штабының өкілі:

- Республикамыздың әр өңірінен 150-ге жуық сұрақ келіп түсті. Әсіресе белсенділік оңтүстік өңірден байқалып жатыр. Ұсыныстарын айтып жатқан жастар көп. Ел өңірлерінде кандидаттың 20 штабы құрылды. Сайлауалды бағдарлама мен ақпараттық материалдар республика көлемінде таратылып жатыр.