Кандидат М.Қажыкен театрға барды

Ел президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясына барды. Қойылым Мұхтар Әуезовтің 1956 жылы жазылған шығармасының екінші нұсқасы негізінде сахналанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас театр ұлттық ойындар мен хореография, халық әндерін ұштастырып, спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтаған. Жұлдызбек Жұманбай режисерлігімен сахналанған шығармаға көптен баруды жоспарлап жүрген кандидат жарын және штаб мүшелерін де ерте барды. Ол жерде Алматылық театр өкілдерімен тілдесіп мәдени ортадағы достарымен пікір алмасты.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

– Уақыт тығыз, уақыт аз. Осындай кезде уақыт тауып, келіп жатырмын. Достарым бар, әріптестерім бар. Біздің бастамашыл тобымыздың мүшелері бар. Қызығушылық білдіремін. Жас театр деп естідім.