Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 315 адамға жетті

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 315-ке жетті.

Қауіп әлі сейілер емес. Мыңдаған тұрғын зардап шегіп, 2 мың үй қирап қалды. Медицналық мекемелердің де қабырғасы сөгіліп тұр. Әсіресе Бағлан провинциясында ахуал күрделі. Билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Айта кетейік, маусымдық нөсер Ауғанстанда сәуір айында басталды.