Қ.Тоқаевтың атына бірқатар шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау хат келіп түсті

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар шетел мемлекетінің басшысынан құттықтау хат келіп түсті.

Ресей Президенті Владимир Путин әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салада Қазақстанның елеулі жетістікке қол жеткізгенін айта келе, қос елдің арасындағы стратегиялық одақтастықтың маңызына тоқталды. Қытай Халық республикасының басшысы Си Цзиньпин де екі елдің ынтымақтастығын одан әрі өрбітуге ынталы екенін білдірді. Ал Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы боп таныған Түркия республикасы бауырлас елмен арадағы байланысты ары қарай тереңдетуге мүдделі. Осылай деген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға дамудың даңғыл жолын тіледі.