Н.Әуесбаев Қоянды ауылында болды

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары елорда іргесіндегі 30 мыңдай халқы бар Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы ақпарат беріп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен қысқаша таныстырды. Сайлаушылар тарапынан кандидатқа бірқатар сұрақ қойылып, пікір алмасу болды. Нұрлан Әуесбаев бұған дейін саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облысына барды. Бұл шараға ірі мегаполистер мен облыстардағы жақтастары да атсалысып жатыр. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

– Қоянды елді мекенінде кездестік, осында 50-60 адам болды. Негізгі сұрақтар өте көп болды. Бүкіл өңірді қамтыдық, мүмкіндігінше бәріне мүмкіндігінше жауап беруге тырыстық. Мен риза болғаным Қоянды халқы өте сауатты.