Президент Атыраудағы Абай орталығына барды

Мұнан кейін мемлекет басшысы Атыраудағы Абай орталығына барып, жас шахматшылармен кездесті.

Арасында 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Зарина Нұрғалиева да бар. Президент жас буынға сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, көрмені тамашалады. Мұның бәрі Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталған ұлтымыздың айтулы тұлғаларының домбырасы. Орталықта оқушылардың үйірмелерге қатысуына жан-жақты жағдай жасалған. Президент «JasSpace» STEM зертханасында жүзеге асқан жоба, бұйымдармен танысты. Сосын Құрманғазының «Балбырауынын» тыңдады.

- Бәрекелді!  Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра».