СҚО-да Президент сайлауында 640 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысында кезектен тыс Президент сайлауы күні 640 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Олардың жұмысымен орталық сайлау комиссиясының төрағасы танысып, дайындық шараларын пысықтады. Нұрлан Әбдіров бірнеше учаскіде болып, комиссия мүшелерімен кездесті. Сонымен қатар олардың қатысуымен жиын өткізіп, маңызды нұсқаулар берді. Қазір өңірде сайлаушылардың тізімі түгенделіп, шақырту қағаздары таратылды. Маңызды науқанға 380 мыңнан астам адам тіркелген. Саяси аламанға учаскілер де сақадай сай.

Гүлия Ережепова, №577 сайлау учаскесінің хатшысы:

- Біздің участокте 1630 сайлаушы тіркелген список бойынша, Список бойынша шақырту қағаздарын тараттық. Бүгінгі күнге участок 100 пайызға дайын деп ойлаймыз. Барлық құжаттар бар. Ол стационарный урна. 6 кабина сайлаушыларға арналған.