Иран дыбыстан жылдам зымыран жасап шығарды

Иран дыбыстан жылдам зымыран жасап шығарды

Иран дыбыстан да жылдам баллистикалық зымыран жасады.

Бұл қару өзіне қарсы құрылғыларға көрінбей, нысананы талқандай алады. Құрастырушылар алдағы онжылдықта бұған төтеп бере алатын технология пайда болуы екіталай деп отыр. Айтпақшы, күні кеше ғана бұл мемлекет өзінің тағы "Гаем-100" деп аталатын зымыран тасығышын сынақтан өткізді.