Қазақстандықтардың 77% сайлауға қатысады

Қазақстандықтардың 77% кезектен тыс президент сайлауына қатысып, азаматтық құқығын пайдаланбақ. 

Әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сүйенсек, респонденттердің көпшілігі сайлауға міндетті түрде баратынын айтқан. Сұралғандардың он пайызы бұл күнді басқа шаруаға арнамақ. Қалғаны белгілі бір шешімге келмеген.  Сауалнамаға 18 жастан асқан 8000  адам қатысты.