Қ. Тоқаевтың штабы Маңғыстау облысына барды

Бұл жолы Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Штаб мүшелері кездесуді кәсіпорындардың еңбек ұжымдарынан бастады. Жұмысшылармен үгіт-насихат шараларын өткізіп, сайлауға қатысудың маңыздылығын жеткізді. Делегация өңірдің ІТ саласындағы мамандарымен де жүздесті. Мұнайшылардың басын қосып, сайлауалды бағдарламаны талқылады. Сапар барысында штаб мүшелері ипподромға да бас сұқты. Жергілікті шабандоздармен кездесіп, сайлау алдындағы түсіндіру, насихаттау шараларын өткізді.

Бану Нұрғазиева, республикалық Қоғамдық штабының мүшесі:

 - 20 қараша — сайлау күні. Осы күні барша қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениетін жоғарғы деңгейін көрсету маңызды. Әрбір келген қазақстандық ең біріншіден сайлауды өзінің бақытты болашағы үшін дауыс береді.