Қазақстан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 345,7 млн еуро қарыз алады

Бүгін Сенат депутаттары тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады.

Вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл ақша республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Сондай-ақ әлеуметтік шығыстарды жабуға мүмкіндік береді. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы 11,5 жылға 2,5 жылдық жеңілдік шартымен рәсімделеді. Ақша Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінеді. «Сенаторлар қаржы экономиканың нақты секторын қолдап, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге тиіс», – деді.