Мейрам Қажыкеннің жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік педагогикалық университеттің студенттері және оқытушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат жастардың идеяларын іске асыру үшін мүмкіндіктер беру қажеттігін атап өтті. Студенттер білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы мәселелерге қызығушылық танытты. Мейрам Зекешұлы қаладағы Жылу Электр Орталығында да болды. Кәсіпорын қызметкерлеріне елдің энергетикалық және жылу өнеркәсібін дамыту туралы айтты. Сонымен қатар кандидат Тәуелсіздік монументі, Алаш орда, қазақтың үш биінің ескерткіштеріне гүл қойды.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

 - Мықты, өзімізге лайық әскер керек. Әскерді қару-жарақпен қамтитын өзімізде өндіріс болу керек. Тараз бен Шымкенттің арасында Түлкібас деген қала бар. Таза технология, өндірісті бастауға лайықты жер. Ол жерде білікті мамандар жұмыс істейді. Сосын мына екі қалада университеттер бар.