Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.  Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.