Ресейдегі отандастарымыз 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Оның бірі Ресей астанасындағы Қазақстан елшілігінде және 4 қаладағы Қазақстанның бас консулдықтарында орналасқан.

Ресейдегі меншікті тілшіміз Дана Нұр-жан бізбен тікелей байланысқа қосылды. 

Біз Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ғимаратындағы №265 сайлау учаскесінде тұрмыз. Дауыс беру науқаны үш сағат бұрын басталды. Қазақстанның кәмелетке толған кез келген азаматы бұл жерде таңдау жасауға құқылы. ол үшін төлқұжатын немесе жеке куәлігін алып келуі тиіс. Негізі дауыс берудің алғашқы сағаттарынан бастап қазақстандықтар оған белсенді түрде қатысып отыр. Біз учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Александр Синяговскийден шетелде дауыс берудің ерекшеліктері туралы сұрастырдық. Жауабын тындайық.

Александр Синяговский, №265 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Ресейде жүрген Қазақстанның азаматтары Мәскеудегі елшілік пен Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы бас консулдықтарда ашылған учаскелерде дауыс бере алады. 

Дана Нұржан, тілші:

- Жалпы Мәскеуде екі мыңға дейін адам дауыс береді деген болжам бар. Әзірге түске дейін нақты қанша қазақстандық өз таңдауын жасағаны белгісіз. Ондай мәліметті сәл кейінірек айтамыз. Қазір бөлімшеге келіп жатқандар - қазақ студенттері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері. Олардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет атқаратын қазақстандықтар мен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының штаб пәтерінің қызметкерлері бар.  Біздегі бар ақпар әзірге осы.