Интерпол үш жасар баланы Қазақстанға қайтарды
Халықаралық полицияның көмегімен 3 жастағы бала Қазақстанға қайтарылды.
Бүлдіршінді анасының рұқсатынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел құзырлы органдарға шағым түсірген. Ішкі Істер қызметкерлері түркиялық әріптестерімен және Анталиядағы Қазақстан консулдығымен бірлесіп, баланы елге аман-есен әкелді. Қазір бүлдіршін анасының жанында.