Астанадағы сайлау учаскесінде жас байқаушы жұмыс істеп жатыр

Кезектен тыс Президент сайлауында байқаушы болуға ынта танытқан жастар көп. Елордалық Расул Шәкәрім таңғы 8.00-ден бері №161 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

22 жастағы өрен үшін бұл алғашқы әрі маңызды тәжірибе. Дауыс беріп те үлгерді. Себебі Расулды Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі толғандырады.

Расул Шәкәрім, байқаушы:

– Менің ойымша, барлық жастар, бүкіл Қазақстан азаматтары өзінің азаматтық борышын орындауы керек. Сайлау елдегі ең басты азаматтық институты. Сол үшін осы жақта азаматтық борышымды орындап отырмын.