Ғалым Серік Сейдуманов сайлау туралы пікір білдірді

Кез келген президент сайлауы – бұл ел дамуындағы маңызды кезең саналады.

Белгілі әлеуметтанушы-ғалым Серік Сейдуманов осындай пікірде. Сайлау кампаниясы адамдарды қандай кандидаттың бағдарламасын қолдайтынына қарамастан, бір арнаға тоғыстырады. Себебі дауыс беруге қатысудың өзі, ел өміріне араласып, қандай да бір шешім қабылдауға атсалысуды білдіреді. Ал ең бастысы дауыс беруші азаматтар жаңа 7 жылдық мерзімге сенім білдіреді. Сондықтан, сайлауға әрбір адамның қатысуы маңызды,-дейді ғалым.

Серік Сейдуманов, философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры:

- Саяси мәселелер бірте-бірте шешіліп келеді. Мұны дауыс беруге келіп  жатқан адамдарда байқап отыр. Ал экономикалық мәселелерді әлі реттеуіміз қажет. Бұдан басқа да атқаратын жұмыс бар. Мен рухани байлыққа, қоғамдық санаға мән беруіміз керек деп есептеймін. Себебі популизм мен демагогия белең алып тұр. Біз осы сұрақтарды шешудің жолын табуымыз керек. Мінеки бүгінгі сайлау осы мақсат-міндеттерді жүзеге асырудың бастамасы деп білемін.