ТМД байқаушылары сайлауды жіті бақылап отыр

 

Сайлауда ешқандай заң бұзушылық тіркеген жоқ. ТМД байқаушылары науқан барысын жіті бақылап отыр. Ұйымға мүше 8 елден Қазақстанға  барлығы 174 байқаушы келген, деп хабарлайды «Хабар 24»

ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев елордадағы 5 сайлау учаскесіне барып, науқан барысын бақылап шықты. Ол дауыс беру тыныш әрі сайлау процесінің сапалы дайындықпен өтіп жатқанын атап өтті.

Сергей Лебедев, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

Дауыс беру тыныш өтіп жатыр. Менің әріптестерім де ешқандай заң бұзушылық тіркемеді. Біз Астана қаласы мен өңірлердің барлығы бойынша жедел ақпарат алып отырмыз. Дауыс беру өте белсенді жүріп жатқанын көрдік. Көпшіліктің дауыс беруге отбасыларымен келіп жатқаны қуантады.