Тәуелсіз байқаушы: Заң бұзушылық жоқ

Халықаралық байқаушылар еліміздегі президент сайлауы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ тәуелсіз байқаушылар миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вайц журналистермен кездесіп, өз ойын бөлісті. Айтуынша, сайлау процесі ашық және сайлау учаскелері заң талабына сай жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру нормалары сақталып, отандық және халықаралық талапқа сай өтуде. Бұл шет елдік байқаушының алты дауыс беру учаскесін аралап шыққаннан кейінгі пікірі. Америкадан келген тәуелсіз бақылаушылар күннің соңына дейін тағы 14 дауыс беру учаскесін аралап шықпақ.

Ричард Уильям Вайц, АҚШ тәуелсіз байқаушылар миссиясының мүшесі:

– Қазірдің өзінде тұрғындардың сайлаудағы жауапкершілігі жоғары екенін айтуға болады. Дауыс берушілер легі әдеттегіден жақсы. Біз жергілікті және Франция, Ресей сынды шет елдік байқаушылармен кездестік. Өзім заң бұзышылықты көрмедім. Жастарды да, қарттарды да кезедстірдік. Дауыс беруге қарсылық білдіріп, кедергі келтірушілер болмады.