Алматыда үш мыңнан астам жергілікті байқаушы тіркелген

Жалпы Алматыдағы 600 сайлау учаскесінде 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы жұмыс атқарды. Олардың арасында «Ел ертеңі» қоғамдық қорының өкілдері де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық байқаушылардың басты мақсаты – жастардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін, олардың саяси сауаттылығын арттыру. Қордың өкілдері қаладағы 531 учаскені қамтыған. «Ел ертеңі» құрамындағы әрбір байқаушы сайлауға бір ай қалғанда тиісті заңнаманы зерттеп, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу формалары мен әдістерін, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетінін мұқият талдаған.

Талғат Жанысбай, «Ел ертеңі» қоғамдық қорының өкілі:

– Халықтың сайлауға деген құлшынысы, белсенділігі өздеріңіз білесіздер 2019-дан басталды. Қазір енді жалпы сайлау мәдениеті, бақылаушылар институттары қалыптасты. Сондықтан бұрыңғы сайлауға қарағанда сайлау мәдениетінің дамығандығымен ерекшеленеді.