Қарағанды облысында сайлауды 3500 байқаушы бақылады

Қарағанды облысында Президенттің кезектен тыс сайлауын 20-дан астам шетелдік бақылаушы бақылады. Бұл ТМД Миссиясының өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро өкілдері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Қарағанды облысында 642 учаске жұмыс істеді, онда 770 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Дауыс беру барысын 3 мыңнан астам жергілікті бақылаушылар да назарда ұстады. Бұл партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.