АҚШ байқаушылары: Сайлау демократия талаптарына сай өтті

Қазақстанда өткен президент сайлауы демократия жолындағы үлкен қадам болды. Елімізге келіп халықаралық байқаушы ретінде қызмет атқарған АҚШ сарапшылары бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джемстауын қорының маманы Маргарита Ассенова сайлау кезіндегі дауыс берушілердің белсенділігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол науқанды ұйымдастыру деңгейін өте жоғары бағалады. Байқаушылар учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен сөйлесіп, көкейіндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жауаптылар кез келген мәселе бойынша тез арада түсініктеме беріп отырды, – деді ол.

Маргарита Ассенова, халықаралық байқаушы /АҚШ/:

– Президенттік сайлаудың жақсы ұйымдастырылғанына куә болдық. Бәрі ашық өтті. Сайлау комиссияларының төрағалары біздің сұрақтарымызға жауап берді. Учаскелердегі дауыс санау процесін бақыладық. Заңның бұзылуына жол берілген жоқ. Бізбен бірге басқа мемлекеттерден де байқаушылар келді. Олармен сөйлесіп үлгердік. Бәріміз сайлауды өткізу деңгейі жоғары болды деген пікірге келдік.