Халықаралық байқаушылар сайлауға баға берді

Елімізде өткен президенттік сайлауда байқаушы болған Түркі мемлекеттер ұйымы мен Түркпа бірлестігінің мүшелері де науқан жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Олар бұл науқан Қазақстанның саяси өміріндегі ең маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқаушылар Астана мен Алматы қалаларындағы бөлімшелерінде қадағалау жүргізді. Бұл учаскелерде ешқандай заң бұзушылықтарға жол берілмеді. Азматтардың өз таңдауын жасап, дауыс беруіне ешқандай кедергі келтірліген жоқ. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты шетелдік байқаушылар.

Омер Коджаман, халықаралық байқаушы /ТМҰ/:

– Біздің миссия сайлау учаскелерінің ішінде немесе сыртында ешқандай үгіт-насихат материалдар көрген жоқ. Яғни заң бұзылмады. Бөлімшелердің қалай ашылып, қалай жабылғанын көрдік. Сайлау мен дауыс санау прцесін қатаң бақылап отырдық. Ешқандай техникалық түйіткілдер болмады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалды. Мысалы, Брайль шрифтімен жазылған ақпарат болды. Бөлімшеге келе алмағандар үшін бөлек қораптар жасалды. Бәрі халықаралық талартарға сай өтті.

Эрол Кайя, халықаралық байқаушы /ТҮРКПА/:

– Біздің миссия президенттік сайлауға оң бағасын беріп отыр. Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті ақпаратты уақытылы жариялады. Сайлау кәсіби деңгейде ұйымдастырылған. Жауапты ведомстволардың бұл науқанға деген дайындығы жақсы болғанына көзіміз жетті.