Президент лауазымына қайта сайлауына орай Тоқаевқа құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Президент лауазымына қайта сайлауына орай Тоқаевқа  құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз құттықтауында мемлекет басшысына сәттілік тілеп, Қазақстан ұйымның айнымас әрі сенімді жақтаушысы екенін атап өтті.

Жаһандық жасыл өсу институтының ассамблея Төрағасы Пан Ги Мун да Президентке жүрекжарды тілегін жолдап, бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Бұдан бөлек бірқатар мемлекет, ұйым басшылары және карольдер құтықтау жолдаған.