ҰҚШҰ елдерінің терроризмге қарсы іс-қимылы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінде лаңкестікке қарсы әрекет етудің модельдік заңын қабылдау керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірлестіктің парламенттік ассамблеясының отырысында осындай ұсыныс жасады. Алқалы жиын Мәскеуде өтті. Басқосуда ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында биологиялық қару жасауға жол бермеу туралы да айтылды. Сонымен қатар, парламенттік ассамбелеяның мониторингтік тобының Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға қатысуының нәтижесі де талқыланды. Жиын мүшелері саяси доданың халықаралық талапқа сай өткенін айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Лаңкестік елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіреді. Әрі заңсыз көші-қонның, трансшекаралық қылмыстың, қару-жарақ пен есірткі айналымының артуына ықпал етеді. Бізге осы сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұрудың нақты құқықтық тетіктерін қалыптастыратын модельдік заңнаманың сапалы базасын қамтамасыз ету керек.