Мәжіліс депутаттары: Борышкерді жалғыз мүлкінен айыруға болмайды

Үкімет ұсынған заң жобасының кей тұстарымен келіспейтін депуттаттар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, борышкерді жалғыз мүлкінен айыруға болмайды.  Құжатқа сәйкес, егер қарызын өтей алмай жатса, банктер азаматтың кепілге қойған мүлкін тәркілеуге толық құқылы. Мәжілісмендер қарапайым халықтың құқығы мен мүддесі ескерілетін өзгертулер мен түзетулерді енгізуді сұрады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ертең оларды біз далаға лақтырып, бомж қылсақ, не болады сонда. Бұл болжам емес, бұл қазіргі жағдай. Былтыр бір адам 5 адамды, оның ішінде полиция мен сот орындаушыларды атып тастады. Бір әйел 3 баланы көпқабатты үйден лақтырды. Қарызды көтермей, үйсіз қалғаннан кейін. Әрине бұндай жағдайға біз жеткізбеуіміз керек. Оны шешетін нарықтық құралдар бар.