«Ауыл» партиясы еңбек озаттарының форумын өткізді

Еңбек адамының мәртебесін көтеру.

Бүгін Ауыл партиясы Тәуелсіздік күні қарсаңында еңбек озаттарының 6-шы форумын өткізді. Дәстүр бойынша саяси ұйым партия мүшелеріне мемлекеттік және де ведомстволық марапаттар табыстады. 6 жыл ішінде ел дамуына ерекше үлес қосқан 1221 адам қошеметке бөленген. Биыл да бұл үрдіс ұмыт қалмағандығын айта кетейік. Осы жолы 2 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталса, қалған 3 адам Парасат ордені, Шапағат медалі және де Құрмет грамотасын иеленді.

Әли Бектаев, "АУЫЛ" ХДП партиясының төрағасы:

- Осы еңбекте жүрген, еңбектің арқасында несібесін тауып жүрген, абыройға ие болып жүргендерді дәріптеу арқылы біз жастарға үлгі көрсетуіміз керек. Байлық, дәулет, қызмет барлығы керек шығар. Бірақ оның барлығы еңбекпен келген, таза еңбекпен келген жағдайда ғана соның берекесі болады. Былайша айтқанда экономикаға да тиімді болады.