Тоқаев Катардың Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын Ұлттық күнімен құттықтады. «Осы мерейлі мейраммен тұспа-тұс келіп отырған футболдан әлем чемпионатының сәтті әрі табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Дүниежүзілік брендке айналған бұл дүбірлі дода Қатардың бақуатты және болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел екенін тағы да растады. Әсіресе қарапайым спорт жанкүйерімен қатар халықаралық қауымдастық та әлемдік біріншіліктің жоғары деңгейдегі жаңа стандарттарына куә болды» деп жазылған жеделхатта.