«AMANAT»-тың қатары толықты

Партия билеті 1500-ден астам адамға берілді. Олардың қатарында жұмысшы мамандар, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлер тіпті БАҚ өкілдері де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы жыл басынан бері 29 мыңнан астам қазақстандық партия қатарына қосылған. Саяси ұйымға салтанатты қабылдау рәсімі кезінде Ерлан Қошанов «AMANAT» қатарында 800 мыңнан астам қазақстандықты біріктіре отырып, жаңа жағдайда өзінің көшбасшылығын сақтап қалғанын атап өтті.

Ерлан Қошанов, Amanat партиясының төрағасы:

- Барлықарыңызға партияға «Қош келдіңіздер!» дегім келеді. Өйткені бұл үлкен сенім. Сеніммен қатар үлкен жауапкершілік. Біздің мүддеміз бір, мақсатымыз бір. Ол – елдегі тұрақтылықты сақтау, Тәуелсіздігімізді нығайту, ұлтты біріктіру. Қоғамды Мемлекет басшысының төңірегіне топтастыру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз қажет. Осы отырған әрқайсыңыз партиямыздың ең белсенді мүшелері болады деп біз сенеміз.