Шымкенттен ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш кандидат тіркелді

Олардың бірі Сенаттың қазіргі депутаты, екінші үміткер- жергілікті мәслихат депутатты болса, үшінші кандидат – мемлекеттік кәсіпорын қызметкері. Екеуі ер, біреуі әйел адам, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орташа жас шамасы 56 жасты құрайды. Жалпы шаһарда 6 адам сайлауға қатысуға ниет білдірген. Бірақ оның үшеуі орталық сайлау комиссиясының қойған талабын орындай алмаған. Қазір үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол үшін әр кандидатқа бюджеттен 550 мың теңге бөлінген.

Қайырбек Құнанбаев, қалалық Сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қалған үш үміткерімізді тіркеуден бас тарттық. Өйткені біздегі талаптардың бірі олар взос төлеу керек. Екі үміткеріміз сол взнос төлемегені үшін тағы бір үміткеріміз тиісті қол жинаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер қол жинау үшін әр таңдаушының кемінде 10%, артығы 25 % қол жинау керек.