5 млн га астам жер мемлекетке қайтарылды

Мәжілістің жалпы отырысында жерді бақылау мәселесі де қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі биыл 5 млн гектардан астам жер қайтарылды деді. Бұл жұмыс келесі жылы да қарқынды түрде жалғасады. Бірақ депутат Берік Дүйсембинов пен Азат Перуашев жұмыс сылбыр жүріп жатыр деп сынады. Сосын министрге ауылдарға бірге шығуға ұсыныс жасады. Министр Ербол Қарашөкеевтің айтуынша ведомство олигарх, әкімдердің меншігіндегі жерді халыққа қайтару жұмысын үдетеді. Оның бәрі арнайы платформада көрініп тұрады. Портал 1-ші қаңтардан бастап іске қосылмақ.