Н. Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыру туралы заң жобасы қарауға алынды

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою туралы құжатты қарауға алды.

Оны Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды. Депутаттың айтуынша, референдумда қабылданған Ата Заңға енгізілген түзетулерді орындау мақсатында тиісті жоба әзірленді.