Үкіметте ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту мәселесі қаралды

Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту мәселелері Үкіметте қаралды.

Кеңес барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев баяндама жасады. Онда жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету, баға белгілеу, импорт, Шымкент Мұнай Өндіру Зауытының  қуатын ұлғайту мәселелері қаралды. Премьер-Министр отынның Қазақстаннан тыс жерлерге көп мөлшерде «шығарылуын» азайту үшін ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарын сатуға мониторинг пен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Ол үшін станцияларды арнайы цифрлық жүйемен толық қамтуды ұйымдастыруды тапсырды.