Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кездесуде орталықтың алдағы уақыттағы қаржы, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты жоспары баяндалды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа басшыға бірқатар тапсырма берді. Дәлірек айтсақ, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал ету міндетін жүктеді.
