Алматы облысы бойынша Парламент Сенатына екі үміткер сайлауға түседі
Алматы облысы бойынша Парламент Сенатына үміткер болған бес адамның екеуі ғана сайлауға түседі. Бұған дейін 2 азамат тиісті құжат тізімін тапсырмағандықтан тіркеуден өтпеді.
Ал бір үміткер денсаулығына байланысты тіркеуден бас тартуға өтініш берген болатын. Берілген өтініш негізінде облыстық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу жөніндегі шешімі күшін жойды. Кандидаттар туралы толық ақпарат пен дауыс берушілер тізімі сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған. Сайлау күні өңірдің облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының 204 депутаты өз таңдауын жасайды.
Мейрамгүл Айтова, аумақтық Сайлау комиссиясының төрайымы:
- Бүгінгі таңда дауыс беру күніне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта ұйымдастыру, техникалық мәселелерді шешу, дауыс беру пунктін қажетті құралдармен жабдықтау шаралары қабылдануда.