«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы тұрғындар өтінішінің негізінде жасалады

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Қазір басымдық берілетін негізгі салалар анықталып жатыр. Олардың ішінде экономика, экология және энергетикадағы өзекті мәселелер қамтылады. Сайлауалды бағдарламаның түпкілікті нұсқасы партия сьезінде бекітіледі. Онымен қоса «AMANAT»-тың атынан сайлауға түсетін депутаттардың есімі де сол жиында белгілі болады. Алдағы саяси науқанға  «AMANAT» партиясы 20 мың байқаушы мен 10 мың сенімді өкілін дайындап отыр.  

Елнұр Бейсенбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы

- Біздің сайлауалды бағдарламамыз бағдарламамен ғана емес, үлкен жол картасымен көмкерілетін болады. Жол картасында нақты іс-шаралар тізімі болады. Қашан, қандай жерде мектеп салынады. Қандай мәселені қалай шешеміз. Жалпы біздің сайлауалды бағдарламамыз осындай концептуалды тәсілдерден тұрады.