«Қазақстан халық партиясы» Мәжіліс сайлауына қатысады

«Қазақстан халық партиясы» Мәжіліс сайлауына қатысады. Саяси ұйым бүгін кезектен тыс съезін өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын қабылдады.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттағына ұсынылатын кандидаттардың тізімін бекітті. Былтырдан бері партияның басшылық құрамы, аймақтардағы филал төрағалары 99% жаңарды. Енді алдағы саяси науқанға жаңа деммен қатысып, елдегі реформаларды іске асыруға атсалыспақ. «Біз табанды күрес жолына түсеміз, біз халық мүддесін жақтаймыз», - дейді партия төрағасы

Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан халық партиясы» төрағасы:

- Кез келген о бастан билікке келуді көздейді. Біздің партия да соған ұмтылады. Егер сайлау әділ өтетін болса біз жеңіске жетеміз деп сенеміз. Ең бастысы қарапайым халықтың белсенділік танытып, сайлауға барынша көптеп қатысуы маңызды. Өйткені елдің тағдыры әрбір қазақстандықтың қолында тұр.

Серікқали Мұқашев, «Қазақстан халық партиясы» төрағасының орынбасары:

- Адам дәл қазіргі күнде мәжіліске ұсынылып отыр. 700 ден астам кандидаттар мәслихаттарға ұсынылып отыр. Уақыт өткен соң адамдар да өзгереді, көзқарастар да өзгереді. Қазір халық партиясының ұстанып отырған саясаты социал-демократиялық бағыт.