19 наурызда өтетін Парламент сайлауына қатысты сауалнама жүргізілді

19 наурызда өтетін Парламент сайлауына дауыс берушілердің шамамен 53% келуі ықтимал. Бұл туралы телефон арқылы сауалнама жүргізген «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мәлімдеді.

Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, Сіз оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға 1200 адам қатысты. Олардың 39% нақты дауыс беретінін айтқан. Тағы 14,3% дауыс беруі мүмкін екенін жеткізді. Ал 23% саяси науқанға бармайтынын ал, 11,5% бармауы мүмкін екенін айтты. Респонденттердің 12% әлі шешім қабылдамапты. Зерттеу институтының мәліметінше, сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды. Төменгі палатада бес және одан да көп партияның болуын – 27,8%, төрт партияны – 6,6%, үш партияны – 16,8%, екі партияны – 12,0% респондент қолдады.

Респондент саны — 1200

Сайлауға барады — 39%

Сайлауға баруы мүмкін — 14,3%

Сайлауға бармайды — 23,1%

Сайлауға бармауы мүмкін — 11,5%

Шешім қабылдамады — 12,1%

 

Сайлаушылардың басым бөлігі саяси плюрализмді қолдады

5 және одан көп партия — 27,8%

4 партия — 6,6%

3 партия — 16,8%

2 партия — 12,0%