«Ақ жол» партиясының атқарған игі істері

«Ақ жол» демократиялық партиясының араласуымен қолданыстағы заңнамаларға мыңға жуық түзету енгізілді.

Партия мүшелері Конституциялық реформалар, сайлау және жеке кәсіпкерлік, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты заңнаманы өзгертуде аса белсенділік танытқан. Бұл туралы саяси ұйымның Ақтаудағы облыстық филиалының кезектен тыс өткен 14-ші жиынында айтылды. Мемлекеттік тіл, «Алаш» идеясына қатысты депутаттық сауалдар да Үкіметке жиі жолданған. Былтыр ақжолдықтардың атсалысуымен елде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бекіді. Сондай-ақ, салық Кодексін жаңартуға қатысты ұсынысқа да Мемлекет басшысы қолдау білдірген болатын. 

Берік Сәлімжанұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:

- Жеке азаматтардың банкроттығы туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жобасы жалпы бүгінде қарызға батқан халықтың мәселесін сәл де болса жеңілдетеді ме деген үмітіміз бар. Мына дифференциалды салық дегеніміз - ауылда егін егіп, қой бағып отырған кәсіпкерді мұнай қазып отырған компаниямен салыстыруға болмайды. Ауылшаруашылығынан бастап кейбір субсидияны бергеннің орнына салықты төмендету. Осыны ұсынғанымызда Президенттің қолдауына ие болып, қазір іске асып жатыр.