ЖСДП сайлауға кандидаттарын ұсынды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына 25 кандидат ұсынатын болды.
Партияның кезектен тыс съезінде делегаттар осындай шешім қабылдады. Оның 19-ы партия тізімімен, алтауы мажоритарлы әдіспен ұсынылып отыр. Партия төрағасы Асхат Рахымжанов бұл ұсынылып отырған кандидаттар тізімінің бірауыздан бекітілгенін мәлім етті.
Асхат Рақымжанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы:
- Жаңа ғана партия съезінде 19 кандидаттан тұратын тізім ұсынылып, бекітілді. Біздің кандидаттардың бәрі Қазақстан заңнамасындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Одан бөлек жуырда ғана қабылданған әйелдер мен жастардан, мүгедектігі бар тұлғалардан тұратын қосымша тізім ұсыну талабын да сақтап отырмыз. Сондай-ақ мажоритарлық жүйе бойынша 6 адам ұсынылады. Ол кандидаттар өз өңірінде айтарлықтай танымал болғандықтан жеңіске үміт арта алады деп ойлаймыз.