ОСК кандидаттарға қаражатты қайтару рәсімін түсіндірді
Орталық сайлау комиссиясы 25 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Олардың қатарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының 13 өкілі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының 11 өкілі және Палестинадан бір бақылаушы бар. Еске салайық, кезектен тыс парламенттік сайлау 19 наурызда өтеді. Мәжіліс депутаттығына үміткерлерлер 1 миллион 50 мың теңге, ал мәслихат депутаттығына 350 мың теңге сайлау жарнасын төлейді. Қаражат кандидаттарға тек үш жағдайда қайтарылады. Орталық сайлау комиссиясы оның тәртібін түсіндірді.
Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Егер кандидат депутат болып сайланса, кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысатын сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаса, сондай-ақ саяси ұйымның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат болса немесе кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады. Басқа жағдайда сайлау жарнасы мемлекет қазынасына өтеді. Яғни республикалық бюджетке түседі.