Сайлау бюллетенін фотоға түсіруге тыйым салу ұсынылды
Елде толтырылған сайлау бюллетендерін фотоға түсіріп, таратуға тыйым салынуы мүмкін.
Көбіне бюджеттік мекеме қызметкерлері мен студенттер басшылыққа есеп беру үшін осылай жасауға мәжбүр. Оған заң жүзінде тыйым салып, құқық бұзушылыққа жол бермеу керек, дейді Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сарапшылық кеңес мүшелері. Сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын құрып, ақпарат кеңінен тарату қажеттігі айтылды. Мақсат – азаматтардың дауыс беру құқығын барынша қамтамасыз ету мен сайлау процесін оңтайландыру. Сарапшылар сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалаудың маңыздылығына тоқталды. Кеңеске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.