«Адал сайлау үшін» штабы жұмысын бастады

«Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Адал сайлау үшін» штабы жұмысын жандандырды.

Заңгерлер алдағы уақытта халыққа сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіреді. Саяси науқанға қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіп, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен бірлесе жұмыс істейді.

Айта кетейік «Адал сайлау үшін» штабы өткен жылдың қыркүйек айында құрылған болатын.

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы:

- Біз осы сайлау заңын республиканың бүкіл өңірлерінде түсіндіреміз. БАҚ арқылы, тікелей кездесу арқылы, көбісі ЖОО-да, ауылдарға дейін шығып біз осындай заңды түсіндіру айналысамыз. Себебі заңды білмей сайлауға барудың өзі дұмыс емес сияқты. Орталықта 7 адам штабтың мүшелері, әр өңірде пул құрғанбыз заңгерлерден.