«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттарын бекітті

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжіліс пен мәслихаттарға 600-ден аса кандидаттарды бекітті.

Парламент депутаттығына  ұсынатын үміткерлер тізімі де белгілі болды. Олардың жалпы саны 34. Атап айтқанда 25-сі  саяси ұйым атынан, ал тоғызы мажоритарлы жүйе бойынша өзін өзі ұсынған азаматтар. Бұл туралы партияның кезекті съезінде белгілі болды. Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, «ауылдықтар» саяси науқанға қатысуға дайын. Сондай-ақ халық мүддесін қорғап, нақты, іске асуға лайық бағдарланы ұсынып, сайлаудан үлкен үміт күтеміз, -деді ол.

Әли Бектаев, “Ауыл” ХДП төрағасы:

- Біздің партияның бағыты еш уақытта өзгерген емес, өзгермейді де. Ол мынау ауыл шаруашылығы мен аграрлық саласын дамыту. Ауыл мен ауылдық елді мекендердің мәселесі. Егер біз ауылдың жағдайын түзейтін болсақ, ауылдың инфраструктурасын жақсартатын болсақ, ауыл азаматтарын тұрақтандырсақ, онда қаланың да жағдайы жақсы болады!