Павлодарда трамвай жүргізушілері жаңа жылды жұмыста қарсы алды
Павлодарды өзге қалалардан ерекшелендіріп отырған трамвай желісі түнгі сағат 1-ге дейін тоқтаусыз жұмыс атқарады.
Күніне 45 мыңдай жолаушы тасымалдап, халыққа үздіксіз қызмет етіп келе жатқан салада 500 адам еңбек етеді. Жұмыс ауысымына қарай кейбір трамвай бағыттары Жаңа жылды жол үстінде қарсы алып жатады.
Марина Ларкина 27 жыл бойы трамвай тізгіндейді. Жаңа 2025 жылды ол трамвай маршрутында қарсы алды. Бұл бірінші рет емес екен.
Марина Ларкина, трамвай жүргізушісі:
- Біз ауысыммен істейміз. Мереке, демалыс деп ешқашан жұмыстан бас тартпаймыз. Өз басым жаңа жылды үш рет жолда қарсы алдым. Ол кезде кондукторлар болатын. Бір-бірімізді құттықтап мәре-сәре боламыз.
Өз кәсібін құлай сүйген Марина жауапкершілікті бәрінен биік қояды. Жұмыс кестесі мереке күніне сәйкес келген кездер аз болмаған. Трамвай жүргізушілері ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек деп санайды. Ал ;аңа жыл түні жолаушылардың ерекше бір әсерде болатынын аңғарған.
Марина Ларкина, трамвай жүргізушісі:
- Сағат 12-ге дейін бәрінің асығып отырғаны байқалады. Ал енді сағат тілі 12-ні көрсеткенде жолаушылар жылы тілектерін жаудырады. Жаңа жылды көңілді қарсы алады
Қала тұрғындарының көбі трамвайды таңдайды. Себебі жолда кептеліс болмайды. Жол-көлік оқиғалары өте сирек кездеседі. Экологиялық таза көлік жылы әрі жайлы. Уақыттан кешікпей жүреді.
Блиц:
- Баратын жерімізге тез жетеміз. Сол бізге ұнайды.
- Удобно, иногда торопишься куда-нибудь.
- Он идет во многие концы нашего города. Ходит часто.
Қарлығаш Қасиетова, тілші:
-Трамвай Павлодардағы жолаушылар ең көп қатынайтын қоғамдық көлік түрі. Күніне 45 мыңдай адам діттеген жеріне дәл осы көлік арқылы жетеді. Трамвай паркінде 110 вагон болса, соның 82-сі күн сайын қала көшелеріне шығады. Трамвай әдетте қатаң кестеге сай жүреді, уақытпен және де трамвайға мінген адам ешқашан кешікпейді.
Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков