Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды дамытуға баса мән берілді. Осы ретте қазақ басшысының жақында Әмірліктерге ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Президенттер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда қатынасын жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.