«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына кандидаттар құжатын тапсырды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясына кандидаттар құжатын тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Саяси ұйым Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына үміткер ретінде партиялық тізім бойынша 54, мажоритарлық жүйе бойынша 24 кандидатты ұсынып отыр. Оның ішінде мәжілістің түрлі шақырылымында депутат болған 11 адам бар. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Жастарды біз қосып отырмыз. Оларды өсіруіміз керек. Жастарға жол көрсетуіміз керек. Осындай ниетпен оларды да қосып жатырмыз. Қазіргі тізімімізде ең жас үміткеріміз 25-те ғой деймін.

Сондай-ақ, бүгін өз құжаттарын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да тапсырды. Бұл саяси ұйым алдағы саяси додаға партиялық тізім бойынша 19, ал мажоритарлық жүйе бойынша 6 адамды ұсынып отыр. Округтардан кандидаттар сайлауға Атырау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында қатысатын болады. Бұл жөнінде партияның орталық аппаратының жетекшісі Талғат Омаров айтты. Естеріңізге сала кетейік, өткен парламенттік сайлауда бұл саяси ұйым байкот жариялаған болатын.

Талғат Омаров, ЖСДП Орталық аппаратының басшысы:

- Біздің бағдарламамызда шығып отырған пункт деп айтуға болады, біздің бағдарламамызда 5 пайыздық шек көрсетілген. Оның алдында 7 процент болатын Парламентке өту үшін. Қазір 5 пайыз. Біздің бағдарламамыздан алынғандай болып көрінеді. Сондықтан да біз әрине дұрыс деп есептейміз.